Date of publication: 23.12.2015 18:45
Date of changing: 24.12.2015 16:23

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

                                          Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылғы 22-24 желтоқсан аралығында Астана қаласында «Командалық менеджмент уәждемені көтеру стратегиясы ретінде. Каузалдық зиятты дамыту» тақырыбында біліктілігін арттыру курстары өтуде.

Семинарды өткізудің мақсаты:

  • Қолайлы психологиялық ахуалды ұжымда қалыптастыру;
  • Топ қатысушылардың арасында өзара іс-қимылды жақсарту үшін олардың топтарындағы ұқсастықтың болуы;
  • Командада жұмыс істеу дағдысын дамыту;
  • Ұжымдағы ұжымдық құрылым әдістері;
  • Топтың ұжымшылдығы;
  • Міндеттерді және жауапкершілікті, сондай-ақ команда мүшелері арасындарөлдерді бөлу әдістері;
  • Әрбір қатысушының топтағы өз рөлін, функцияларын сезіне білуі;
  • Топтағы психологиялық атмосфераның алғашқы диагностикасы;
  • Наным-сенімді, мінез-құлықты және кері байланысты келісу арқылы тиімді қарым-қатынас қағидаттары;
  • Жұмыс кеңестерін тиімді өткізу алгоритмы;
  • Шешім қабылдаудың демократизмі және авторитаризмі, топтық және өзіндік шешім қабылдау;
  • Проблемаларды бірлесіп шешкен кезде белсенді командалық өзара іс-қимыл;
  • Әрбір адамның ортақ мақсатқа қол жеткізудегі жеке жауапкершілік деңгейін арттыру;
  • Ұжымның эмоциалық ұйымшылдық дағдыларымен танысу;
  • Уәждеу типтері (ақшалы, моралдық, тура, жанама және т.б.);
  • Қызметкерлердің қанағаттануына әсер ететін факторлар;
  • Қалыптасқан ұжымның топтардағы, шағын-топтардағы жұмыс арқылы дамуы;
  • Ықпал ету дағдыларын дамыту және ұжымда жанжалдарға жол бермеу;
  • Қызметкердің, жалпы ұжымның карьералық және кәсіби өсуін болжау;
  • Каузалдық зиятты дамыту.

Дәріскерлер ретінде:

- Серекбаева Людмила Ильинична - сертификатталған бизнес-тренер, мамандығы «Басқарушылық коучинг», «Харизма» Оқыту және даму орталығының басшысы.

- Дүйсембаев Айқын Шәмшіденұлы - «Қасиет» психология орталығының директоры, жоғары оқу орындарында психология оқытушысы, Қазақстан Республикасының күштік құрылымдарындағы психолог шақырылды.

Шақырылған сарапшылар  менеджмент, жұртшылықпен байланыс,  ұйымдастырушылық басқару, персоналды басқару, келіссөздер технологиясы, жанжалды жағдайларды шешу, имиджді жән іскерлік беделді қалыптастыру, басшының уәждемесін арттыру стратегиясы саласында  мамандандырылады.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Адами ресурстар басқармасының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ ағымдағы жылы бұрын осы курстарда оқытудан өткен  ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаменті және Оқу-әдістемелік орталығының лауазымды тұлғалары қатысуда.

Біліктілігін арттыру курстарының қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етіледі.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі