Date of publication: 19.01.2016 18:24
Date of changing: 20.01.2016 19:09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің ҚХР-ға ресми сапары шеңберінде (2015 жылғы 13-16 желтоқсан) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының ҚХР Бас кеден басқармасының Министрі Юй Гуанчжоумен кездесуі өтті.

Кездесуде тараптар 2015 жылғы ынтымақтастықтың қорытындысын жасады, сондай-ақ 2015 жылғы 14 желтоқсанда ҚР Қаржы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасының арасындағы қазақстан-қытай шекарасындағы «Сенім» жобасын іске асыру туралы хаттамаға қол қойылды.

Осы Хаттаманың мақсаты УЭО мәртебесі бар заңды тұлғалар үшін шекараны өткен кезде оңайлатылған рәсімдерді ұсыну жолымен жағдай жасау болып табылады.

Хаттаманы іске асыру үшін Тараптардың уәкілетті кеден органдары осы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай ішінде Тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтердің алмасуын ұйымдастырудың техникалық шарттарын әзірлейді және бекітеді.

Қазіргі уақытта Тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтердің алмасуын ұйымдастырудың техникалық шарттарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі