ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Балық өнімін импорттаушылар үшін мәлімет
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау федеральдық қызметінің (бұдан әрі - Россельхознадзор) хатына сәйкес Қазақстан Республикасының балық өнімін импорттаушыларға мына төмендегілер туралы хабарлайды:
Мәселен, 2015 жылғы 14 желтоқсаннан бастап Литваның мұздатқыш кәсіпорындарының мәртебесі «рұқсат етілген» дегеннен «арнайы шарттар» деп өзгертілді.
Арнайы шарттар деп мынаны түсіну қажет:
үшінші елдердің кәсіпорындары өндірген және Литва Республикасы арқылы транзитпен келетін балық және балық өнімдерін Ресей Федерациясына әкелу, тек экспорттаушы елде пломбаланған көлік құралдарында ғана рұқсат етіледі. Бұл ретте, Литва аумағында көлік құралын ашу және пломбаның бүтіндігін бұзуға жол берілмейді. Сонымен қатар, Россельхознадзор 2015 жылғы 7 желтоқсаннан бастап Литваның 4 балық өндіруші кәсіпорнының өнімдерін Ресей Федерациясына әкелуге уақытша шектеу енгізгенін хабарлайды:
- №LT 68-11 EB UAB «Viciunai ir partneriai» (балық өнімдері өндірісі);
- №LT 68-08 EB UAB «Plunges kooperatine prekyba» (балық және балық өнімдері өндірісі, сақтау);
- №LT 72-09 EB UAB «Norvelita» (балық өнімдері өндірісі);
- №LT 25-01 EB UAB «Baltijos delikatesai» (балық өнімдері өндірісі).
№LT 25-01 EB UAB «Baltijos delikatesai» кәсіпорнының аттестатталған қызметінің түрі «балық өнімдері өндірісі» - нен «дайын немесе консервіленген бекіре уылдырығы және балық уылдырығынан дайындалған оны алмастырушы» болып өзгертілді.
Осыған байланысты, Россельхознадзор Өкімінің ережелері сақталған кезінде балық өнімдерін импорттаушылар Ресей Федерациясы арқылы үшінші елдердің кәсіпорындары өндірген және Литва Республикасы арқылы транзитпен келетін балық және балық өнімдерін Қазақстан Республикасына транзиттеуін жүзеге асыра алады.
Сондай-ақ, 2015 жылғы 24 тамыздан бастап енгізілген, акваөсіруде өсірілген арқан балық және бахтар өндіру бойынша 14 норвегиялық кәсіпорындардың өнімдерін Ресейге әкелуге шектеу қою бойынша Россельхознадзордың 2015 жылғы 21 тамыздағы №ФС-ЕН-8/14822 өкімі қазіргі күнге дейін қолданыста екенін ескертеміз.
Бұл ретте, Ресей Федерациясының кеден органдары Россельхознадзордың 03.12.2015 жылғы өкімі бұзылған жағдайда Кеден одағы Кеден кодексінің 216-бабының 1-тармағы және 201-бабының 1-тармағы негізінде Ресей аумағына және Кеден одағының елдеріне транзиттпен өтетін балық өнімдерін әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылдайтынын назарларыңызға саламыз.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі