ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қарағанды облысы бойынша МКД экономикалық тергеу қызметінің қызметкеріне салықты қасақана төлемеуші болып табылатын екі компанияға қатысты өткізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеуді тоқтату үшін азаматша Т. 27 000 АҚШ доллары мөлшерінде пара беруге тырысты.
2016 жылғы 30 қаңтарда Қарағанды облысы бойынша МКД ішкі қауіпсіздік бөлімшесі өндірісінде «Юг-Спецстройпроект» ЖШС пен «Phaeton concept» ЖШС басшыларына қатысты салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден бас тарту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары болған Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқарманың қызметкерін параға сатып алу фактісінің жолын кесті.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген шаруашылық субъектілерін қайта сату бойынша делдал ретінде таныстырған азаматша Т. оларды қылмыстық жауапкершіліктен босату және өзі үшін пайда түсіру мақсатында Департамент қызметкерін парамен сатып алу амалын қолданды және 27 000 АҚШ доллары сомасында заңсыз ақшалай сыйақы беру кезінде ұсталды.
Аталған қылмыстық құқық бұзушылық Қарағанды облысы бойынша МКД Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. ҚР ҚК 367-бабының 3-бөлігіндегі санкция мүлкін тәркілей отырып жеті жылдан он екі жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазаны қарастырады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бұрын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша басымды бағыттар ретінде пара берушіге қарсы күресті жариялағанын еске саламыз. Мәселен, 2015 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына пара берумен байланысты 9 (тоғыз) қылмыстық құқық бұзушылықты анықталды.
Мемлекеттік кірістер комитеті, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары және кәсіпкерлік субъектілері тарапынан құқыққа қайшы қызмет пен қорқытып алушылық фактілері туралы сыбайлас жемқорлық сипатындағы ақпарат болған кезде Комитеттің Ішкі қауіпсіздік басқармасына (7172) 70 98 65, факс: (7172) 32 20 87, 70 99 51, 70 99 77 телефондары бойынша жүгіну қажет екендігін ақпараттандырады.
Қосымша ақпарат үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің
баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электронды поштасы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.