Question: 
<p class="rtejustify">Егер аумақтық мемлекеттік кірістер органының қызметкері расталған негізгі ЭШФ болған жағдайда, рәсімделген ЕАЭО елдеріне экспортталатын ДСҰ босату тізіміндегі тауарларға түзетілген ЭШФ-ні расталмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік болады ма?</p>
Answer: 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘҚБК) 280-1-бабына сәйкес, тауарларды өткізудің есепке алу жүйесін бұзып, тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету кезінде рәсімдеу көзделетін, мемлекеттік кіріс органдарының мөрімен куәландырылған тауардың ілеспе құжаттарының болмауы үшін әкімшілік жауапкершілік айыппұл түрінде қолданылады (5, 6 бөлігі).

Салық кодексінің 419-бабының 1-тармағына сәйкес түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және (немесе) алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда жазып беріледі.

Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады.

Түзетілген ЭШФ мемлекеттік кірістер органы куәландырған бұрын шығарылған негізгі ЭШФ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда есептен шығарылатындығын ескере отырып, ҚР ӘҚБК 280-1-бабының 5 және 6-тармақтарында көзделген құқық бұзушылық құрамы анықталмайды (Қазақстан Республикасының аумағынан әкету ДСҰ-дан босату тізіміне енетін тауарлардың ЕАЭО басқа мүше мемлекетінің аумағы).

Сонымен бірге, негізгі ЭШФ жойылған деп есептелгендіктен, түзетілген ЭШФ аумақтық мемлекеттік кірістер органында растауға жататындығын ескертеміз.