Question: 
<p>Бізде басшы ауысты. ЭШФ АЖ-де өзгерту қажет.<br /> <br /> ЭШФ АЖ-да кәсіпорынның басшысын қалай өзгерту керек?</p> <p>&nbsp;</p>
Answer: 

ЭШФ АЖ-де салық төлеушілер туралы ақпарат Салық комитетінің АЖ анықтамасынан және ЭШФ АЖ Қолдау қызметінен келіп түседі, оны өзгертуге мүмкіндік жоқ. 

Заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) басшысы өзгерген жағдайда, ЭШФ АЖ-ға қатысушының уәкілетті өкілі - заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі):

1) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) басшысы туралы мәліметтерді өзгерту туралы өтінішпен ЭШФ АЖ қатысушысының орналасқан жері бойынша әділет органдарына немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияға:

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңа тіркеу куәлігін алу үшін Ұлттық куәландырушы орталығына (бұдан әрі – ҚР ҰКО) жүгінуге міндетті. Егер ЭШФ-ны жазып беру күні көрсетілген заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) басшысы болып табылмаған, заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) басшысы жазып берген жағдайда, онда жаңа басшы ЭШФ-ны жазып бергені үшін жауапты болады.