Question:
<p>Қосымша ШФ қалай жазып беруге болады? Қайтарып алуға ШФ-ны қалай жазып беруге болады?</p>
<p> </p>
Answer:
Қосымша ШФ-ны жазып беру кезінде барлық позициялар қайтаруға қатыспаса да, бұл позициялар шот-фактурада қалатындығын ескеру қажет. Яғни негізгі және қосымша шот-фактуралардағы позициялар саны сәйкес келуі керек. Қайтарылмайтын тауарлар позициясына назар аударыңыз. Егер тауар бойынша өзгерістер болмаса Саны бағанында 0 көрсетесіз және өзгерістері бар тауарға теріс санды көрсетесіз. Тауар бірлігі үшін баға бағанында, негізгі ШФ-ғы баға қойылады.