Question:
<p>Кеден өкілдерінің қызметін тоқтата тұру қандай себептермен тоқтатылады?</p>
Answer:
Мыналар кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың (бұдан
әрі – тізілім) қызметін тоқтата тұру негіздері болып табылады:
1) кеден өкілі ретінде қызметін тоқтата тұру туралы кеден өкілінің жазбаша өтініші;
2) кеден органы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 489-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген, кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған кезде;
3) осы Кодекстің 494-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген міндет Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының
4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындамалған не тиісінше орындалмаған кезде;
4) Кодекстің 494-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттер орындалмаған жағдайда;
5) кеден өкілі ретіндегі қызмет шеңберінде кеден өкілдерінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау.