Date of publication: 18.03.2016 17:26
Date of changing: 18.03.2016 18:27

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ 

 

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

2016 жылғы 18 наурыз күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған мейрамға құрметті қонақтар Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың, Министрліктің жауапты хатшысы Н.А. Коржованың, министрліктің комитеттері төрағаларының қатысуымен мерекелік іс-шаралар өтті.

Комитеттің құрылымдық бөлімшелері арасында үш номинация бойынша (5 баллдық жүйеде) конкурс жүргізілді:

«Қонақтарды қарсы алудан ең үздік» (қазақтардың дәстүрлері, ән айту, күй ойнау, көріністер қою, өлең оқу және т.б.);

«Мерекелік столды жасауда ең үздік» (қазақтардың ұлттық дәстүрлі асханасы: бесбармақ, наурыз көже, бауырсақтар, қымыз, шұбат және т.б.);

«Мерекеге арналған орындарды рәсімдеуде ең үздік» (қазақы үйлердің нақыштарын орналастыру, ұлттық аспаптар және т.б.).

ҚР ҚМ МКК-нің ауласында дәстүрлі нақыштармен сәнделген қазақы үйлер тігілді, сондай-ақ қонақтарға арналып ұлттық астар берілді.

МКК-нің әрбір департаменті конкурстық іс-шараларға қатысып ерекшеленді.

ҚР ҚМ МКК-нің құрылымдық бөлімшелерінің осы номинациядағы еңүздіктерін Қазылар алқасының төрағасы – Комитеттің Төрағасы Д.Е. Ерғожин бірінші, екінші, үшінші дәрежедегі дипломдармен марапаттады.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі