ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 30 наурызда Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден қызметтерінің Бірлескен алқасының 18-ші отырысы өтуде.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті аталған отырыстардың тұрақты қатысушысы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Кәрімұлы Әмрин, Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің құрылуына 25 жыл толуы қарсаңында 2016 жылғы алғашқы Бірлескен алқа Қазақстан Республикасында өтіп жатқанын атап өтті.
Бірлескен алқаның күн тәртібінде кедендік ынтымақтастықтың кедендік тексеру жүргізу барысында анықталған Еуразиялық экономикалық одақ құқығының бұзылғаны туралы ақпараттарды алмасу тәртібі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу міндетін тоқтату туралы өзекті мәселелер бар.
Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кеден органдары арасында ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде ақпаратты қорғау технологиясын іске асыру бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге қатысты мәселелердің кең ауқымы және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы бойынша тауарлардың транзиті кезінде кепілдік механизмдері талқыланды.
Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті шешімдерге қол қойылды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі