Date of publication: 31.03.2016 18:12
Date of changing: 31.03.2016 18:14

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаржы қаражатын игеру кезінде салықтарды

төлеуден жалтару фактілерін анықтау бойынша мемлекеттік кірістер органдары акцияларын жүргізу нәтижелері

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаржы қаражатын игеру кезінде салық төлеуден жалтару фактілерін анықтау және салықтық әкімшілендіруді күшейту мақсатында мынадай қосымша іс-шаралар жүргізеді:

434 салық төлеушіден 8 бағыт бойынша нысаналы топтар айқындалды, оның ішінде мемлекеттік сатып алу, «Нұрлы жол» бағдарламасы, ірі салық төлеушілер мен экспорттаушылар бойынша;

жеткізудің әртүрлі деңгейлерінде сенімсіз контрагенттермен өзара есеп жүргізген бірқатар салық төлеушілерде салық төлеуден жалтаруға күдік белгіленді;

сенімсіз салық төлеушілер бойынша нысаналы топтардың өзара есептері 270 млрд. теңгеден артығын құрады, олардың ішінде салықтардың болжамды (есеп) сомасы шамамен 75 млрд. теңге;

сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізілімінде мемлекеттік сатып алу бойынша бас мердігерлерге қатысты 31 қылмыстық істі қосқанда, жалған кәсіпкерлік пен салықтарды төлеуден жалтару бойынша 563 қылмыстық іс тіркелді.

Бүгінгі күнде жүргізілген жұмыстың бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша жалпы сомасы 20,2 млрд. теңгеге қосымша салықтық есептілік берілді және бюджетке 16,4 млрд.  теңге өндіріп алынды.

2016 жылдың қорытындылары бойынша келтірілген зиянды толығымен өндіріп алуды және 2015 жылдың деректерінде қаржы қаражаттарын игеруді талдаудың екінші кезеңін іске қосуды болжамдаймыз.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі

pressa@mgd.kz