ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Экономикалық құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша алдын алу шаралары туралы
Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі – Комитет) «Экономикалық құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша алдын алу шаралары туралы» тақырыбында брифинг өтті.
Экономикалық тергеу қызметі құрылған уақыттан бері барлық күш экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды және мынадай стратегиялық бағыттар белгіленген:
- мемлекетке шығында нақты өтеу;
- қылмыстық істер бойынша өндірісті мейлінше аяқтау;
- кәсіпкерлікті қорғау және бизнеске әкімшілік қысымды азайту.
Брифинг барысында Комитеттің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Абзал Байманов Экономикалық тергеу қызметінің а.ж. 1-тоқсандағы жұмысының нәтижесін баяндады.
Мәселен, ағымдағы уақытқа 3 мыңнан аса қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде 1 816 - эконоикалық қызмет саласында (ҚР ҚК 8-б.). Тергеу сапасын арттыру нәтижесінде аяқталған қылмыстық іс өндірісі 4,2 есеге артты.
Сотқа жолданған істің саны 5,5 есеге артты. Шығындарды өтеу бойынша көрсеткішті айтарлықтай жақсартуға қол жеткізілді. Мәселен, аяқталған іс бойынша белгіленген шығын сомасы 5 есеге артты және 79,4 млрд. теңгені құрады, өтелген шығын (тыйым салынған мүлікті қоса есептегенде) 13 еседен артық - 2,4 млрд-тан (2015 жылғы 1-тоқсанда) 2016 жылғы 1-тоқсанның өткен кезеңі ішінде. 31,8 млрд. теңгеге дейін өсті.
Ағымдағы жылы ЭТҚ Мемлекеттік кірістер комитетінің стратегиялық даму бағыттары бойынша жұмысты жалғастыруда. Экономикалық қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша елеулі көрсеткіштерге қол жеткізілді.
«Құқық қорғау блогының қызметкерлеріне халықтың сенім деңгейін арттыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Мәселен, Бас прокуратура мен басқа да құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне халықтың сенім деңгейін арттыру бойынша Ведомствоаралық жоспар бекітілді. Құқық қорғау органдарының құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында азаматтық институттармен өзара іс-қимыл механизмдері жетілдірілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жұртшылықтың қатысуымен есептерді жариялы талдау практикасы енгізілді» - деп А. Байманов атап өтті.
Заң шығару қызметінің шеңберінде, Комитет ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, халықаралық қағидаларға сәйкес (ОЭСР, ДСҰ), салықтық және кедендік нормаларды бір кодекске біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жаңа кодекс елдегі инвестициялық климаттың жақсаруына, кәсіпкерлерге жүктемені төмендетуге және мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен бюджеттің кірісін арттыруға бағытталатын болады.
«Айта кететін жәйт, біз, кәсіпкерлердің қызметіне араласпау қағидасын тиімді жүзеге асырудамыз: барлық тексерулар ерекше жағдайларда, Тәуекелдерді басқару жүйесін ескерумен жүргізіліп, сол арқылы бизнестің дамуына жағымды жағдайлар қамтамасыз етіледі» - деп Абзал Байманов сөзін аяқтады.
Қосымша ақпарат үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің
баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық поштасы арқылы жүгінулеріңізді сұраймыз.