Date of publication: 05.05.2016 12:28
Date of changing: 05.05.2016 12:31

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы

«Жеңіс фестиваліне» қатысты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл, Алматы қаласының 1000-жылдығы және Ұлы Отан Жеңісінің 71-жылдығы қарсаңында 2016 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығының қызметкерлері Алматы Телекомуникация және машина жасау колледжінің  ұйымдастыруымен өткен «Жеңіс фестивалі» атты іс-шараға белсене қатысты.

Аталған шараға ҰОС Ардагерлері, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының қызметкерлері, сонымен қатар «Әуеұтқыр әскерлерінің» өкілдері, Б. Момышұлы атындағы Алматы Республикалық әскери мектеп интернатының оқушылары қатысты.

Іс-шара бағдарламасына Ұлы Отан соғысы жылдарында иттерді диверсиондық, байланысшы, мина іздеу және санитарлық мақсатта қолданылуы бойынша көріністер, сонымен қатар бүгінгі күні қызметтік иттерді іздестіру, антитеррорлық, мина іздеу, есірткі құралдарының контрабандасының жолын кесу және есірткі құралдарын тасымалдаушыларды ұстау бойынша көріністер ұйымдастырылды.

Аталған шара Қазақстан жастарының арасында патриотизм рухын қалыптастыруда аса маңыздылыққа ие және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құқық қорғау органдарының арасында абыройын көтеруде оң әсерін тигізеді.  

Осыған байланысты Ұлы Отан соғысының жеңісіне иттердің қосқан үлесі зор айта кету қажет. Соғыс жылдарында майдан жолымен 68 мыңнан аса ит өтіп, жауды жеңуде Ұлы Жеңістің ісіне баға жетпес үлес қосты.

ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы