Date of publication: 06.05.2016 12:31
Date of changing: 06.05.2016 12:34

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

МКК әйелдер қауымы ұжымның ер азаматтарын құттықтады

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ғимаратында Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысының 71-жылдығы құметіне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Комитет төрағасы Дәулет Ерғожин салтанатты жиналысты ашып, ұжымды келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Іс-шара барысында алға қойылған мақсаттарды орындауда ерекшеленген Комитеттің қызметкерлеріне Құрмет грамотасын, белгіленген біліктілік сыныптарын мерзімінен бұрын тапсырды.

Осы қызметкерлердің арасында Астана қаласы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері – өз заманының батырлары Д.С. Үздембаев пен Е.А. Бабашевты ерекше атау қажет.

Дархан Үздембаевқа марапат ағымдағы жылғы ақпанда қатты боранда жоғалып кеткен 4 жастағы бүлдіршінді тапқаны үшін берілді.

Бабашев Еркебұланға 2015 жылы Нұра өзенінің маңында ағысы қатты өзенге батып бара жатқан 7 жасар баланы құтқарып қалған. Ол мұздай суға батылдықпен секіріп, батып бара жатқан баланы жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Әлемде мықты және жақсы адамдар өте көп. Алайда үлгіні үздіктерден алу қажет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының қатарында да адам өмірін сақтауға қатысты батырлық іс-әрекет жасаған қызметкерлер бар.  Жағдайдың қауіпті екеніне қарамастан құтқарылған балалардың жанұясында қиын жағдайды болдырмау үшін барлық мүмкіндікті жасады.

Іс-шара Комитеттің әйелдер қауымымен әзірленген концерттік бағдарламамен аяқталды.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі