Date of publication: 07.06.2016 17:45
Date of changing: 07.06.2016 17:49

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Балаларды қорғау күнін» мерекелеуге орай ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығының қызметкерлері көп балаларға қажетті көмек көрсетумен өздерінің сүйікті жұмыстарын   қатар алып жүрудің тамаша мүмкіндігі туды.

2016 жылғы 02 маусымда Кинологиялық орталық Алматы қаласының Түрксіб аудананы әкімдігімен бірлесіп «Мейірім» мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің оңалту орталығының балаларына  арнап қайырымдылық бағдарламасын өткізді.

Кинологиялық орталықтың қызметкерлері өздерінің қызметтік иттерімен қонаққа келіп, оңалту орталығының тәрбиелеушілері мен балаларына қызметтік кинологияның қыр сырын әңгімелеп берді. Орталықтың тәрбиеленушілері Лабрадор тұқымды қызметтік иттерімен танысып, олармен зор ынта жігермен ойнады.

Сонымен бірге жасөспірімдердің назарына сүйікті Спанч-боб, Бэтмэн т.б. сынды мульт-батырларының киімдеріндегі кішкентай иттердің қатысуымен шоу-бағдарлама ұйымдастырылды.

Орталықтың тәрбиеленушілері иттермен сырласа алған қуанышын, таңданысын және шаттықтарын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Орталықтың директоры Любовь Дроздованың айтуынша, мұндай оң эмоциялар сөзсіз балаларды емдеу процесіне оң әсерін тигізбей қоймайды.

Анықтама:

Заманауи әлемде медицинаның алдыға дамыған кезеңінде жаңа препараттардың дайындалып жатқандығына таң қалмайсың, сонымен бірге қарапайым емнің түрі Анималотерапия бар екен. Бұл терапияның түрі жануарларды және оның бейнелерін психотерапиялық көмек көрсету үшін пайдалану болып табылады. Жануарлардың ауру адамға оң әсері ғылыми дәлелденген, үй жануарлары бар адамдар ұзақ өмір сүріп, аз ауырады екен. Бұл ретте жануарлары жоқ адамдардың жүйке жүйесіне қарағанда олардың жүйке жүйесі жақсы қалыпта орналасқан.  

Канистерапия – иттерді қолдана отырып жүргізілетін анималотерапияның түрі. Ит – аз қозғалыстан пайда болатын гиподинамияға қарсы тамаша «дәрі» болып табылады. Иттермен серуендеу жүрек қан тамырлары аурулары, миокард инфаркты және басқада жүрек қан тамырлары аурулардың пайда болуының алдын алады. Ит адамның өзіне әңгімелесуін қанағаттандырады, өзіне деген сенімін арттырады, көпшілдігін жоғарылатады, және жанұядағы ұрыстардың алдын алады. Канистерапия жүйке тозуы, истерия, психостенсия және невроз кезінде қолдану ұсынылады. Иттер психикалық емханалар мен хоспистардың жиі қонағы болып табылады. «Құйрықты дәрігер» ретінде - ротвейлер, колли, бульдог, карлик пинчеры, қарапайым көше төбеті бір сөзбен айтқанда кез келген иттің тұқымы бола алады. Мәселен, карлик пинчері, қозғалыс координациясын жақсартуға көмектеседі. Егерде балада қол моторикасы бұзылған болса, онда оған кокер-спаниельді сипау пайдалы. Жаттыққан итпен жиі сырласу, көбінесе алтын ретривермен, балаларды көпшілдікке, өздерін ұстауды үйретеді, эмоциялық қысымды азайтады. 

Канистерапия - өзінің қолжетімділігі мен иттердің әлеуметтік мінез-құлығына байланысты ең танымал терапияның түрі.

ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы