Date of publication: 10.06.2016 18:27
Date of changing: 10.06.2016 18:36

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

2016 жылдың 9 мен 10 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Орталық кеден зертханасы, ИЛАК (ILAC – International Laboratory Accreditation Cooperation)  аккредиттеу бойынша халықаралық ұйымының қол қоюшысы болып табылатын, Словакия ұлттық аккредиттеу қызметі (SNAS) халықаралық сарапшыларымен, ИСО/МЭК 17025:2005 «Сынақ және калибрлеу зерханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» Халықараларық стандартының талаптарына сәйкестігіне байланысты жоспарлық бақылаудан өтті.

Бақылау екі бағытта жүргізілді.

Бірінші бағытта сапа менеджменті жүйесін (бизнес-үрдістері) ұйымдастыру және қызметінің тиімділігіне инспекционды бақылау қарастырылды, бақылау нәтижесінде SNAS жетекші бағалаушы Станислав Мусил оң бағасын берді.

Бақылаудың екінші бағыты бойынша техникалық сарапшы Рената Поллакова тұрмыстық қолданыстағы тауарларға (аяқ-киім, киім, балалар ойыншығы)  сараптама жүргізу үрдісін, сынауға қажетті құрылғылар мен шығын материалдардың, құжаттардың дұрыс ресімделуін, материалтанушылық сараптама бөлімі қызметкерлерінің біліктілік дәрежесін және кәсіптілігін бағалады.

SNAS өкілдері, жоғарыда аталған стандарт талаптарына сәйкес, ОКЗ қызметіне оң баға берді.

ОКЗ-ның аккредиттеленуі мемлекеттік кірістер органдарының оң беделін бекітіп қана қоймай, сонымен қатар жалпы алғанда әлемдік қауымдастық алдында Қазақстан Республикасының құзыреттілігі мен біліктілігін мойындау болып табылады, ол Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдер қатарына енуіне маңызды құрал болып табылатыны күмәнсіз.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі