ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
2016 жылдың 14 - 16 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – ОӘО) қашықтықтан оқыту нысанында «Кедендік сараптаманы тағайындау» тақырыбы бойынша семинар өткізуде.
Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының біліктілігін арттыру шеңберінде өтуде және ол олардың заңды құру тетігін жандандыру және жинау негізінде кендік сараптама құралының жұмыс істеуі үшін, өзекті болып табылады. Осыған орай, кедендік техникалық және технологиялық сараптаманы қолдану мемлекеттің қаржылық және кедендік саясаты ретінде тиімділігін анықтайды.
ҚР мемлекеттік кіріс органдарының мақсаттарының бірі болып орталық зертхананың кедендік сараптама түрлерінің техникалық және технологиялық тізімін бекітіп қана қоймай, оның құрамының барлық элементтерін белгілеуде: кедендік сараптаманың объектісі, базасы, есептеу тәртібі мен кедендік сараптаманың өткізу мерзімі. Кедендік сараптаманы қолдануға орталық кедендік зертханада кедендік және салықтық заңнамасының ережелері колданылады.
Оқу барысында оқытушы ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасының техникалық және технологиялық сараптамасы бөлімінің басшысы А.Е.Оспановпен келесі сұрақтар қаралады: Кедендік сараптаманың жалпы сипаттамасы; Кедендік сараптаманың түсінігі, түрі, функциясы; Кеден органдарының кедендік сараптама кезіндегі басты мақсаттары мен міндеттері және басқалары.
ОӘО қашықтықтан оқыту порталында ҚР аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының барлық тыңдаушыларына көрсетілген курс бойынша оқыту үшін электрондық оқу материалдары қолжетімді болады (лекция, слайд және т.б.).
Ағымдағы жылы 15 маусымда көрсетілген тақырып бойынша бейнеконференция өтеді.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі