ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Жібек жолы жобасын іске асыруды
талқылау бойынша жоғарғы деңгейдегі кездесуге қатысты
2016 жылғы 9 маусымда Братислава (Словакия Республикасы) қаласында Жібек жолы жобасын іске асыруды талқылау бойынша жоғарғы деңгейдегі кездесуі өтті. Словакия Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дана Мигердің шақыруымен кездесуге Қазақстан, Қытай, Ресей және Словакияның кеден қызметтерінің, сондай-ақ Қытай, Украина және Словакияның темір жол қызметінің жоғары лауазымды өкілдері қатысты. Кездесуде қазақстандық делегациядан Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин және Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы Марина Давидовская барды.
Жібек жолы жобасын іске асыру мақсатында 2006 жылы Еуропа одағы мен ҚХР арасында теңіз жүгінің тиелгеннен және соңғы жеткізілетін пунктіне дейін сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған Ақылды және қауіпсіз сауда жолдары жобасы іске қосылған болатын. Бірінші кезеңде жобада Қытай, Нидерланды және Біріккен Корольдік болды. 2010 жылы екінші кезең іске қосылатын кезде қызығушы тараптардың шеңбері Белгия, Германия, Франция, Италия, Польша, Испания және Гонконгпен толықты. Қазіргі уақытта жобаға шамамен 120 сауда бағыты, 200 экономикалық операторлар және 16 теңіз порттары тартылған.
Ағымдағы жылғы шілдеден бастап әуе және теміржол тасымалдарына бағытталған жаңа фаза жобасы іске қосылу жоспарлануда, оған Чехия, Венгрия, Литва, Португалия, Румыния және Словакия мемлекеттері қатысады.
Қатысушылардың алдында сөз сөйлеу барысында Дана Мигер Еуропа одағы мен ҚХР арасындағы сауданы дамытуға мүдделі тараптардың бірі болып Қазақстан, Ресей және Украина аумақтары арқылы теміржол көлігімен өтетін тауарлардың транзитін жылдамдатуды қамтамасыз ету мақсатында Славокия аталған мемлекеттерді жобаның үшінші фазасына қатысуына тарту бастамасы үшін екенін және қызығушылық танытатынын хабарлады.
Кездесу барысында қазақстандық және ресей тараптары жобаға ақпарат алмасу және кедендік бақылау нәтижелерін өзара мойындау саласында қажетті халықаралық келісімдерге қол қойылғаннан кейін, сондай-ақ олар бойынша ішкімемлекеттік процедуралардың орындалуынан кейін қосылуға дайындығын хабарлады.
Тараптар жобаға қатысуға 2016 жылғы шілдеде Дүниежүзілік кеден ұйымының кедендік ынтымақтастық бойынша кеңесінің кезекті сессиясы барысында Өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қою арқылы бекітуге келісті.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі