Date of publication: 21.06.2016 16:42
Date of changing: 21.06.2016 16:45

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

2016 жылғы 21-23 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – ОӘО) қашықтықтан оқыту нысанында «Ғаламдық қалқан (химикаттармен бақылау әдістемесін жүргізу)» тақырыбы бойынша семинар өткізуде.

Семинардың негізгі міндеті «Global Shield» халықаралық бағдарламасының құзыреттілігін арттыру, қызметкерлердің аумақтық мемлекеттік кірістер органдары департаменттерінің мәселелері  - химиялық прекурсорлардың заңсыз таралуы мен айналымы,  террористер мен басқа да қылмыстық ұйымдар жарылғыш құрылғылар жасау үшін пайдаланылу мүмкіндігіне қарсы іс-қимыл. Базалық ресурстарын сәйкестендіру және тексеру үшін бақылауға  алынған 14 химикаттың қосарланған мақсаттағы рәсімдеріне сәйкес олардың өңделуі,  құру мақсаты болып табылатынын қадағалау.

Аталған семинарда лектор ретінде сөз сөйлеуші ҚР ҚМ МКК Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының сарапшы - офицері Қаусов Асхад Кубашұлы. Оқыту процесінде мынадай мәселелер жарықтындырылатын болады:

- ұғымдар, қолдан жасалған түрлі жарылғыш құрылғылар;
- қосарланған тауарларды шекарадан өткізу кезінде бақылаудың мақсаты;
-  қосарлы мақсаттағы тауарларды және химиалық препараттарды (токсиндер) болдырмау бойынша шаралар қабылдау;

- химиялық заттарды тасымалдау ерекшеліктері.

ОӘО қашықтықтан оқыту порталында ҚР аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының барлық тыңдаушыларына көрсетілген курс бойынша оқыту үшін электрондық оқу материалдары қолжетімді болады (лекция, слайд және т.б.).

Ағымдағы жылы 22 маусымында көрсетілген тақырып бойынша бейнеконференция өтеді.

                                        ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі