Date of publication: 27.06.2016 15:49
Date of changing: 28.06.2016 10:01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің қызметі бойынша ҚР ҚМ МКК мен ҚХР СҰАӨ делегацияларының кездесуі

2016 жылғы 23 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің Қытай Халық Республикасы Синьцзян-Ұйғыр Автономды Өңірінің делегациясымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында кедендік бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайту, қазақстан-қытай халықаралық автомобиль тасымалдаудың проблемалық мәселелері, сондай-ақ ҚР мен ҚХР кеден қызметтері арасында сұрау салу-анықтамалық жұмыстар талқыланды.
Қытай тарапынан ҚХР СҰАӨ өткізу-пунктін басқару бойынша кеңсесінің, ҚХР СҰАӨ Көліктік-логистикалық департаментінің, ҚХР СҰАӨ Әкелу-әкету және карантин бойынша департаментінің және Үрімші қаласы Кеден басқармасының өкілдері қатысты.
Күннің екінші жартысында қытай делегациясы Қазақастанның халықаралық автомобиль тасымалдау одағының (ҚазАТО) өкілдерімен кездесті және оларды қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі