ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Ағымдағы жылғы 27 маусымында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі Әскери бөлімі қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті.
Комитеттен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дастан Секенов, сонымен қатар Комитеттің профильдік басқарма басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі Әскери бөлімі қызметкерлерінің делегациясы құрамында АҚШ Орталық басқару есірткімен күрес бойынша бағдарлама шеңберінде Қазақстанмен жұмыс жүргізетін офицерлер Джанел Кеннебек ханым, Брюс Хансен мырза болды.
Кездесу барысында Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі Әскери бөлім қызметкерлерінің қарым-қатынастық сұрақтары талқыланды, бөлек мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне есірткі контрабандасымен күрес туралы оқу курстарын, семинарлар және тренинг жүргізу арқылы тәжірибиемен алмасу сұрақтары қарастырылды.
Сонымен қатар, америкалық тарап АҚШ Қорғаныс министірлігі кинолог-мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдары кинолог мамандары мен қызметтік іздестіру иттеріне оқу курстарын ұйымдастыруға және жүргізуге дайын екенін айтып өтті.
Бұдан басқа, аталған кездесуде тараптармен Есірткімен күрес бағдарламасы аясында АҚШ Қорғаныс министірлігінен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне техниканы жеткізу көмегімен қазақстандық кеден бекеттерін заманауи жабдықтар және техникамен қамтасыз ету сұрақтары қарастырылды.
Аталған кездесуді тараптар қызметтік және жоғары дәрежелі өтті деп, қорытындысы бойынша қанағаттандырылғанын білдірді.
Америкалық тарап қызметкерлер көрсетілген қонақ жайлыққа алғыстарын білдірді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті