Құрметті салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметтке қатысушылар!
Сіздерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан салық төлеушілер ассоциациясымен және Салық және кеден консультанттары ұлттық ассоциациясымен бірлескен «Салық салудың өзекті мәселелері: жаңа салық-кеден кодексі, электрондық шот-фактуралар, жалпыға бірдей салықтық декларациялар және бақылау-кассалық машиналар» тақырыбындағы конференцияға қатысу үшін шақырады.
Конференция жұмысына Ұлттық экономика Вице – министірі, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, басқа мемлекеттік органдардың жұмыскерлері, жетекші аудиторлық, заңды және консультациялық компаниялар, сыртқы экономикалық қызметтке қатысушылары және басқа да салық төлеушілер қатысады.
Конферецияға қатысу үшін МІНДЕТТІ түрде 2016 жылдың 20 қыркүйегіне дейін http://ank.kz/conf_reg.php мекен-жайы бойынша тіркелу қажет.
Іс-шаранын өткізілу күні: 2016 жылдың 23 қыркүйегі.
Басталу уақыты: сағат 08:00.
Өткізілу орны: Астана қ., Тәуелсіздік Сарайы,Тәуелсіздік даңғылы, 52.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 51-70-57.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті