Жарияланған күні: 02.04.2018 19:22
Өзгертілген күні: 17.12.2025 11:50

Құрметті есепке алу жүйелерін әзірлеушілер мен салық төлеушілер!
 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді іске асыру шеңберінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесіне жаңа функциялар енгізілгенін хабарлайды. Аталған функциялармен https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443. серверінде танысуға және тестілеуден өткізуге болады.
Аталған өзгерістер мыналарды қамтиды:
1.Бейрезидент үшін ЭШФ жазып беру мүмкіндігін іске асыру.
Жаңартылған салық нормаларына сәйкес, егер жұмыстар мен қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып танылса, резидент тұлға бейрезидент тұлға үшін ЭШФ жазып беруге міндетті.
2.ҚҚС төлеуші - алушылар тарапынан түзетілген, қосымша ЭШФ-ларды және ЭШФ-ны кері қайтарып алу жағдайларын растау/қабылдамау тетігін енгізу.

                Аталған үдерістер бойынша толығырақ ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады: https://kgd.gov.kz/sites/default/files/ftpdata/ESF/ИСЭСФ_Памятка_подтверждение_отклонение ЭСФ плательщиками НДС 2.docx            

Әзірлеушілер жинағы (жаңартулары бар SDK) МКК ресми сайтында жүктеуге қолжетімді: https://kgd.gov.kz/sites/default/files/ftpdata/ESF/esf-sdk-2025.zip.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.