Жарияланған күні: 20.09.2016 16:14
Өзгертілген күні: 20.09.2016 17:35

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТІРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз-релизі

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Алматы қаласы Түрксіб ауданының стадионында 2016 жылдың 17 қыркүйекте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы мен Түрксіб ауадынының әкімшілігімен бірлесе Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Болашақ фестивальі» мерекелік шеруіне  қатысты.

Жастар арасындағы есірткісіз болашақты насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығының кинологтары қызметтік-іздестіру иттерімен, қызметтік иттерді арнайы және жалпы курсы бойынша жаттықтыру, сонымен қатар есірткі құралдарын, қару мен жарылғыш заттар және валютаны, қол жүгінде, автокөлікте контарбандистті ұстау элементімен іздеу бойынша көріністер көрсетілді.   

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Алматы қаласының Түрксіб ауданының Әкімшілігі, ҰОС ардагерлері, медициналық мекемелердің басшылары, арнайы және орта оқу орындарының басшылары мен оқушылары шақырылды.

                                               ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі