
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы ұжымды «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен құттықтады
Бүгін, 2018 жылдың 30 қарашасында Мемлекеттік кірістер комитетінде «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» арналған салтанатты жиналыс өткізілді.
Комитет Төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы әріптестерін осы мерекемен құттықтап, келесі тілектерін білдірді:
«Бүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, дүние жүзі мойындап отырған «қазақстандық жолдың» ерекшелігі біздің Елбасымыздың атымен байланысты.
Еліміз Елбасының бастамасымен тәуелсіз, бәсекеге қабілетті, іргелі, қуатты мемлекеттер қатарына қосылып отыр.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен тағы да құттықтай отырып, мол бақыт, әрбір отбасына амандық, саулық тілеймін.
Мемлекетімізбен бірге өсіп-өркендей берулеріңізге тілектестік білдіремін.»
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2018 жылғы 21 қарашадағы Үкімімен «АСТАНА 20 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен келесі қызметкерлер марапатталды:
- Тәкиев Мәди Төкешұлы
- Мамаев Талғат Шариұлы
- Жұлмұхамбетов Қайрат Басығараұлы
- Мендыбаев Бауыржан Батырханұлы
- Абзалбек Гүлмира Сүндетбайқызы
- Сеитов Марат Жандарбекұлы
- Тілеулес Жанболат Киікбайұлы
- Маубаев Қайрат Үргенішбайұлы
Шын көңілден мерейтойлық төсбелгімен құттықтаймыз!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)