Жарияланған күні: 22.01.2016 18:00
Өзгертілген күні: 22.01.2016 18:38

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған не оны қысқартудан кейін мемлекеттік қызметке қайта қабылданған, сонымен қатар әкімшілік немесе өзге де саяси мемлекеттік қызметтегі лауазымға ауысқан кезде ант қабылдайды. 

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығының ұжымы алдында бес маман салтанатты түрде мемлекеттік қызметшілер антын қабылдады.

   

Антты Орталық басшысы Байдұлда Шалабаев қабылдады.

Қысқа мерзім ішінде жаңадан қабылданған қызметкерлер мемлекеттік қызметте жұмыс істеудің  үлкен ниетін көрсетуде. Олар күнделікті өз қабілеттерін көрсетуге,  өздеріне жүктелген жұмыстарды жоғары деңгейде орындап, білікті мамандардан кеңес алып, өз үлестерін қосып келеді. 

ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығында патриоттық сезімді қалыптастыру бойынша жұмыс, Отан сүйгіштікке, азаматтық борышын ақтауға, Конституциялық міндеттерді және Мемлекеттік қызметтерді адал атқару бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі.

Тәуелсіз Қазақстанның одан әрі көркейіп дамуына жас мамандар өз үлестерін қосады деген үміттеміз.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі