Жарияланған күні: 09.02.2016 10:41
Өзгертілген күні: 09.02.2016 10:42

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) аумақтық органдар басшыларының қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтуде. Жиналыста 2015 жылғы жұмыс қорытындысы және 2016 жылға міндеттер талқылануда.

Жиналыс отырысының барысында аумақтық мемлекеттік кірістер органдары басшыларының мына мәселелер бойынша есебі тыңдалатын болады:

- 2015 жылға республикалық бюджет кірісі бойынша жоспардың орындалуы;

- жалған кәсіпкерлікке қарсы күрес саласындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметі және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының 2016 жылға міндеттері туралы.

Сондай-ақ жиналыс шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің басшылары ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйесіндегі жоспарланған жаңалықтар бойынша жұмыстармен таныстырылатын болады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі