Жарияланған күні: 29.04.2016 18:20
Өзгертілген күні: 04.05.2016 11:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

ШЫҰ мүше мемлекеттердің кедендік ынтымақтастық бойынша Арнайы жұмыс тобының 29-шы отырысының өтуі туралы баспасөз-релизі

2016 жылғы 26 - 28 сәуірде Мәскеу қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің кедендік ынтымақтастық бойынша Арнайы жұмыс тобының 29-шы отырысы өтті. 

Отырыста Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстанның кеден қызметі өкілдері және ШЫҰ Хатшылығы қатысты.

Отырыстың күн тәртібі 2016-2021 жылдарға ШЫҰ мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің өзара іс-қимылы Бағдарламасын іске асыруға, сонымен қатар оның іске асырылуы бойынша Іс-шаралар жоспарына байланысты маңызды мәселелерді қамтыды. Жоғарыда аталған құжаттарды жүзеге асыру шеңберінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану саласында және құқық қорғау саласындағы мәселелер қарастырылды.

Отырыс барысында ШЫҰ мүше мемлекеттері кеден қызметтерінің арасындағы тауарлардың кедендік құнын айқындау және бақылау үшін қажетті ақпаратпен алмасу туралы хаттаманың жобасы, сонымен қатар ұлттық транзиттік жүйелерді өзара интеграциялау туралы меморандум, 2017 жылға арналған ШЫҰ мүше мемлекеттердің кедендік ынтымақтастық бойынша Арнайы жұмыс тобының жұмыс жоспары талқыланды. Кеден қызметтерінің өкілдері өз құзыреті шегінде 2017 – 2021 жылдар аралығындағы ШЫҰ шеңберінде жобалық қызметтерді әрі қарай дамыту тізбесінің және ШЫҰ мүше мемлекеттер Сауда-экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасын орындау бойынша іс-шаралар жоспарының тармақтарын атқару жөнінде ақпараттар жобасын келісті.

ШЫҰ мүше мемлекеттердің кедендік ынтымақтастық бойынша Арнайы жұмыс тобының кезекті отырысы 2016 жылғы қыркүйектің үшінші онкүндігінде Ресей Федерациясында өтетін болып жоспарланды.

Сонымен қатар аталған отырыс барысында қазақстан делегациясы Ресей, Қытай және Өзбекстан кеден қызметтерімен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізіп, Ресей кеден академиясына барды, аталған ЖОО-да оқитын қазақстан студенттерімен және академия басшыларымен әңгімелесу өткізді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі