ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан ДСҰ шеңберінде экспорт-импорт операциялары бойынша ақпарат алмасуды қолдайды. Ұсынысты бүгін Астана қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропа өңірі кеден қызметі басшыларының конференциясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин айтты. Ерғожин салық мәселері бойынша ақпарат алмасу Салық мәселелері бойынша әкімшілік өзара қолдау туралы ЭЫДҰ конвенциясы шеңберінде 94 елмен тұрақты түрде реттелгенін атап өтті. Ұқсас ақпарат алмасуды Дүниежүзілік кеден ұйымы базасында іске асыру ұсынылды.
Қазақстандық тараптың ұсынысын конференцияға қатысушылардың барлығы қолдады, кеден мәселелері бойынша ақпарат алмасу халықаралық ынтымақтастық саласындағы жаңа қадам, және тауарларды кедендік тазарту шығындарын азайтуға және халықаралық сауданың дамуын ынталандыруға әсер етеді.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз релизі