Жарияланған күні: 09.06.2016 16:46
Өзгертілген күні: 09.06.2016 16:47

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жария ету бойынша жүргізіліп жатқан акцияның барысы туралы

Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде жүргізіліп жатқан мүлікті жария ету бойынша акцияға арналған брифинг өтті. Брифингте Тәуекелдер, талдау және статистика басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Сағынаев акцияның аралық қорытындыларымен таныстырды.

Мәселен, ағымдағы күнге мүлік пен ақшаны жария етуге арналған өтініштердің сомасы 1,8 трлн. теңгеден асты, оның 1,6 трлн. теңгесі жария етілді, оның ішінде ҚР аумағында орналасқан мүлік бойынша сомасы 683,2 млрд. теңгеге; ҚР аумағынан тыс орналасқан мүлік бойынша сомасы 2,0 млрд. теңгеге; 894 млрд. теңгеге ақша жария етілді.

85 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектісі жария етілді, оның ішіндегі 6 мыңға жуығы коммерциялық объектілер.

МКК-нің басқарма басшысының орынбасары 2015 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша 425 млрд.теңге жария етілгенін атап өтті. 2015 жылғы 30 қарашадағы көрсеткіштермен салыстырғанда, қосымша 1,2 трлн. теңге, оның ішінде ҚР аумағында орналасқан мүлік бойынша 340 млрд. теңге; ҚР аумағынан тыс орналасқан мүлік бойынша 1,0 млрд. теңге жария етілді; 813 млрд. теңгеге ақша жария етілді.

Қорытындылай келе спикер акцияның бүкіл кезеңі ішінде өз мүлкін жария ету үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға 91 мыңнан астам азамат жүгінгенін (1 желтоқсанда – 69 мың азамат) айтты.

Мүлікті жария ету мәселелері жөніндегі Заң 2014 жылғы қыркүйектен бастап күшіне енді, аталған акциянның аяқталу мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсан екенін естеріңізге саламыз.

Қосымша ақпараттар үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.