Жарияланған күні: 15.02.2023 10:26
Өзгертілген күні: 15.02.2023 10:27

2023 жылдың 14 ақпанында Дүниежүзілік банктің командасы Tadat салықтық әкімшілендіруге диагностикалық бағалауды жүргізу шеңберінде Ақмола облысы Қосшы қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына сапармен барды. Басқарма басшылығы Нұржан Қазақпайұлы Қапашев пен салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Мейрамгүл Картайқызы Исимбаева Мемлекеттік қызмет көрсетудің операциялық қызметі мен цифрландырылуын көрсетті.

Tadat бағалауы келесіге бағытталған:

салықтық басқару жүйелерінің, процестерінің және институттарының салыстырмалы күшті және әлсіз жақтарын анықтау;

барлық мүдделі тараптар (мысалы, ел билігі, халықаралық ұйымдар және техникалық көмек көрсетушілер) арасында салықтық әкімшілендіру жүйесінің жай-күйі туралы ортақ пікір қалыптастыруға жәрдемдесу;

реформалар бағдарламасын, оның ішінде оның мақсаттарын, басымдықтары мен бастамаларын, сондай-ақ реформалар жүргізудің дәйектілігін айқындау;

реформаларды сыртқы қолдауды реттеу мен үйлестіруге және реформаларды тезірек және тиімді жүзеге асыруға жәрдемдесу;

әр 2-3 жыл сайын қайта бағалау арқылы реформаларды жүргізудегі прогресті бақылау және бағалау.

МКБ басшысы Н. Қ. Қапашев Дүниежүзілік банкке кездесу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп, қызмет көрсетуді жеңілдетуге және салық төлеушілердің қанағаттануына көп көңіл бөлетінін атап өтті. Дүниежүзілік банктің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығы мен қарапайымдылығының жоғары деңгейін, МКБ-ның цифрландырылуын атап өтті, Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерімен танысты, мемлекеттік қызметшілермен кеңес өткізді және халықаралық тәжірибемен бөлісті.

Сапар қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банк қызметкерлері МКБ-ның салық әкімшілігіне оң баға беріп, шағымдар мен ұсыныстар кітабына естелік жазбалар қалдырды.