Сұрақ: 
<p>Қосымша ЭШФ жазып беру кезінде: «Негізгі және қосымша ҚҚ рұқсат етілген ережелерден өзгеше» қатесі пайда болады. Бұл нені білдіреді?</p>
Жауап: 

Бұл қате қосымша шот-фактураны ресімдеу кезінде В1, D, F, G және H бөлімдерінен басқа бөлімдерге өзгертулер енгізілгендігіне байланысты пайда болады. Қағидаларға сәйкес, негізгі шот-фактураға  қосымша шот-фактура жазып беру кезінде, қосымша шот-фактурада тек B1, D, F, G және H бөлімдерінің деректері ғана өзгертуге жатады. Басқа бөлімдердің барлық деректері негізгі шот-фактураның деректеріне сәйкес келетінін тексеруді сұраймыз (таңбалар мен бос орындарға дейін). Қосымша ЭШФ G, H бөлімдерінде позициялар саны негізгі ЭШФ позициясының санына сәйкес келуі керек.