Бұл қате негізгі және қосымша шот-фактуралардың сомалық мәндерінің сәйкес келмеуінен туындайды және нәтижесінде теріс мәндер болады.
Мысалы, Сіз 5 тауар үшін жиынтығы 100 000 теңге сомасына негізгі шот-фактураны жазып бердіңіз. Содан кейін тауарды толық қайтару бойынша қосымша шот-фактураны жазып бердіңіз, бірақ қосымша Шот-фактурада негізгі шот-фактураға қарағанда үлкен сомасы көрсеттіңіз (мысалы: -110 000 тг), сәйкесінше негізгі және қосымша шот-фактураларды жинақтай отырып - жалпы сома теріс мәндә береді.
Негізгі шот-фактураның жалпы сомасын қарап шығыңыз, содан кейін қосымша шот-фактураның сомалық мәндерін қараңыз. Қосымша шот-фактураны жазып беру кезіндегі қате дәл осында.
Осы бастапқы ШФ-ға басқа қосымша ШФ бар-жоғын тексеру керек (ол бұрын жіберілген болуы мүмкін). Егер басқа қосымша ШФ болса, онда бастапқы қателік - негізгі және барлық қосымша ШФ-ға соманы қосқанда жалпы сома теріс болады.