Сұрақ: 
<p><strong>Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер салығын төлеуші ретінде тану үшін негіз болып табылатын не?</strong></p>
Жауап: 

Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін: 

1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде – мемлекеттік органдардың жер учаскесін беру туралы актілері;

2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені іс жүзінде иелену және пайдалану негіз болып табылады (СК 499-б.3-т.).