Сұрақ: 
<p><strong>Мен жеке тұлғамын, менде үй және автокөлік бар. Мен автокөлік пен мүлік салығын уақытылы төлемедім. Маған әкімшілік айыппұл салынады ма?</strong></p>
Жауап: 

жоқ, әкімшілік айыппұл салынбайды. Алайда, салықты уақытылы төлемегеніңіз үшін әрбір кешіктірілген күніне өсімпұл есептелінеді.

Бұдан басқа, жеке тұлға  1 еселенген АЕК артық мөлшердегі салықтық берешегін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң, салық органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.

Жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген кезде мемлекеттік кірістер органы жеке тұлғаға салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.

Салық бұйрығын шығарған мемлекеттік кірістер органы жеке тұлға салықтық берешегін өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық бұйрығының күшін жояды.