Сұрақ: 
<ol> <li> <strong>ӘҚБтК-де әкімшілік айыппұл салудың шегі қарастырылған ба?</strong></li> </ol> <p>&nbsp;</p> <p>&nbsp;</p>
Жауап: 

 ӘҚБтК 44-бабымен әкімшілік айыппұл салудың шегі қарастырылған.

Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

Лауазымды адамға, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға салынатын айыппұлдың мөлшерiн жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

Орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне салынатын айыппұлдың мөлшерiн бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

      Iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне салынатын айыппұлдың мөлшерiн екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды (ӘҚБтК 44-бабының 2-бөлігі).

Пайызыбен көрсетiлген айыппұл, ӘҚБтК-тің 44-бабында көрсетілген айыппұлдардан асатын немесе төменгі бекітілген айыппұлдардың мөлшерінде бекітілуі мүмкін.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-тің 58-бабымен егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, оларды сол бiр судья, орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл адамға сол бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген, үш еселенген ең жоғары шектен асыруға болмайтындығы бекітілген.