ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия іс-шараларын іске асыру
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында» сыбайлас жемқорлық біздің республикамыздың ұлттық қауіпсіздігіне төнген өзекті қатерлердің бірі ретінде аталып көрсетілген.
Оны төмендету бойынша іс-шаралар кешені 2014 жылғы желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көзделген (бұдан әрі – Стратегия).
Осы Стратегияның негізгі бағыттарына:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:
мемлекеттік қызметте,
квазимемлекеттік және жекеше секторда,
сот және құқық қорғау органдарында;
- қоғамдық бақылау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық жатады.
Стратегияның қабылдануымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі - Комитет) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс түбегейлі өзгертілді.
Мәселен, егер бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске бағытталған және көп жағдайда кінәлі тұлғаларды қылмыстық жазалауда көрінген болса, енді қазір өз қатарларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа елеулі түзетулер енгізді. Акцент сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуда ортақ күштерді біріктіру жолымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ауысты.
Стратегияның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілді.
Аталған іс-шараны орындау үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде лауазымды тұлғалардың халықпен байланысын шектеу, сондай-ақ клиентке бағыттау тәсілі қағидаттарының негізінде олардың сапаларын арттыру бойынша шаралар қабылданды. Бұл ретте негізгі талаптар – көрсетілетін қызмет алушының уақыт шығынын қысқарту және олардың осы қызметтерді алуда қатысу қажеттілігінің болмауы.
1. Бүгінгі күнге, 52 қызметтің – 34 автоматтандырылған (69,4%). Бұл қызметтер «Электрондық үкімет» және «Салық төлеушілер кабинеті» порталы арқылы қол жетімді. Қызметтің 24 түрі ұқсас негізде ХҚКО-да қол жетімді. 42 ірі ХҚКО-да Кезектерді басқарудың электрондық жүйесі орнатылды.
2. Жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін кезең-кезеңмен декларациялауды енгізу мәселесі пысықталды. Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін кезең-кезеңімен декларациялауды енгізу мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашада №412-V Заңына Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы қол қойды.
3. Жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты бағалау кезінде Комитет сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін сот үкімі бойынша (күшіне енген) сотталған және сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылықтарды (1-К карточкасын қоюмен) жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалардың саны бойынша статистикалық мәліметтерді негіз үшін есептеу ұсынысын енгізді. Бұл ретте, сотталған, әкімшілік жауапкершілікке және тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер қатарынан мемлекеттік органның бастамасы және материалдары бойынша сотталған, әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер санын алып тастау орынды деп пайымдалады.
Сонымен қатар, өлшемшарттарды есептеуде мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің санын есепке алу ұсынылды.
4. Комитеттің ресми сайтының қолданыстағы «Қызметі» деген бөлім «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» деген кіші бөліммен толықтырылды. Көрсетілген кіші бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша нормативтік-құқықтық актілер, кадрлық өсудің негізін қалайтын қағидаттар (Бес «П» қағидасы), Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі 2015-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары орналастырылды.
5. Адал емес кәсіпкерлік субъектілері тарапынан құқыққа қайшы әрекетке МКО лауазымды тұлғаларының бейімділігі фактілерін анықтау бойынша жұмыс белсендірілді. Бұл мақсатта қызметкерлер мен қызмет алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру бойынша ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылған. Нәтижесінде, пара берудің 14 фактісі анықталды (2015 жылы және а.ж. 3 айдың ішінде).
Пара беру фактілерін анықтау бойынша алдын алу жұмыстарына қызметкерлерді ынталандыру мақсатында Есепке алу және марапаттау тәртібі әзірленді.
Барлық қызметшілер ақшалай, сонымен қатар МКК мен Департамент басшыларының грамоталарымен марапатталып, олардың кейбіріне мерзімінен бұрын арнайы шен берілді.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органдар әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісі бойынша басқа да ілеспе нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу шеңберінде, Комитет жұмыс тобы отырыстарына қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етті, және оның нәтижесі бойынша тиісті заң шығармашылығы жұмыстары жүргізілді.
Комитет әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары мынадай:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының ережелерімен синхрондалды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарынан синхрондалған, Қазақстан Республикасының Президенті қол қойды және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
7. Комитет 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының әзірлену барысына қатысты.
Жоғарыда көрсетілген іс-шаралармен қатар, Комитет тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кең ауқымды ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы, Іс-шара жоспарымен көзделген іске асыруларды Комитет толық көлемде қамтамасыз етуде. Комитет ағымдағы жылы:
- кәсіпкерлер үшін есептілікті, анықтамаларды, хабарламаларды (салық және статистикалық есептіліктерді қоспағанда) жүйелеуге, оңтайландыруға және жаңа түрлерін енгізуді шектеуге бағытталған ақпараттық құралдарды жаңғыртуға;
- Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Стамбул сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын іске асыруға бағытталған бірқатар іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
Қосымша ақпараттар үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық
пошта арқылы хабарласуға болады.