Жарияланған күні: 06.06.2016 18:24
Өзгертілген күні: 06.06.2016 18:29

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

2016 жылғы 3 маусымда Мемлекеттік кірістер комитетінде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері, «Достық» кедені, арнайы мемлекеттік мекемелерінің адами ресурстары басқармалары бөлімшелерінің басшыларына арналған семинар–кеңес өтті.

Күннің бірінші жартысында семинарға қатысушылар Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде «Қазақстан Репсубликасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР жаңа Заңы мен заңға бағынысты актілер бойынша оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап алды. Комитет  Мемлекеттік қызметі істері министрлігінің мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметке өту, бағалау, қызметтік этика және Е-Қызмет жөнінде мемлекеттік қызметтің бес бағыты бойынша үш сағат ішінде түсіндірме берген  қызметкерлеріне алғысын білдіреді.

Күннің екінші жартысында семинар-кеңеске қатысушыларға Комитеттің Адами ресурстары басқармасының басшысы Г.С. Қармыстың төрағалық етуімен бос лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу бойынша мастер-класс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, семинарға қатысушылармен Комитеттің кадр саясатының мәселелері, кадрларды іріктеу, конкурстық процедураларды өткізудің ашықтылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнаманың, құқық қорғау қызметтері туралы, кадр қызметтерінің жұмысында заңнаманы қолдану тәжірибесі мен кадрлық іс жүргізу аясында персоналды басқару мен дамытудың көкейкесті мәселелері қарастырылды.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі