
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
2017 жылдың 2 маусымында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары бойынша бұқаралық тыңдауы өткізілді. Спикерлер ретінде ҚР ҚМ МКК төрағасы –Тенгебаев А.М., ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары – Әмрин Ғ.К., ҚР ҚМ МКК Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы – Уалиева А.Б. және ҚР ҚМ МКК Берешектермен жұмыс басқарма басшысының орынбасары – Мотовилова Е.Ю сөз сөйледі.
Аталған шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен Қоғамдық және Сараптамалық кеңестер мүшелері қатысты.
Қоғамдық тыңдаудың мақсаты заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау болып табылады.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу негізі, Ел басының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»-атты Қазақстан халқына деген Жолдауындағы жеке тұлғалар банкроттығының нақты және түсінікті рәсімдерін әзірлеу туралы тапсырмасы болып табылады.
Бұл, бүгінгі күні, халық арасында банктік қарыздар және басқа да ақшалай міндеттемелер бойынша мәселелерінің өзекті болу себебінен азаматтардың тым асыра берешектерін реттеу тетіктерін әзірлеу қажеттілігіне байланысты.
Заң жобасын қабылдау мақсаты, Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілетсіздігін реттеудегі өзекті мәселелерді тиімді шешу болып табылады.
Заң жобасы жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Заңды тұлғаны құрамайтын жеке тұлға – дара кәсіпкерлердің төлемге қабілетсіздігі мәселелері «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттелген.
Заң жобасының негізгі қағидалары соттан тыс және сотты рәсімдерінің комбинациясын карастырады, олар өз кезегінде жиынтығында азаматтардың төлемге қабілеттілігін қалпына келтірудің бірыңғай процессін құрайтын болады.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процессін бір қатар құқық бұзушылықтар үшін шешілмеген (өтелмеген) соттылығы бар тұлғалар қолдана алмайды. Мысалы алаяқтық, алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру, несиені заңсыз алу, жалған кәсіпкерлік және тағы басқалар үшін.
Осылайша Заң, келеңсіз жағдайларға байланысты қарыздық ауыртпашылыққа тап болған адал азаматқа жоспар негізінде өзінің төменделген жағдайын түзетуге мүмкіндік беретін болады.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу мақсаты, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының әзірленуіне байланысты қолданыстағы заңнаманы сәйкестендіру болып табылады.
Қолданыстағы заңнама мен азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тетіктерін сәйкестендіру, Қазақстан Республикасының бір қатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен қамтамасыз етіледі.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы және оның қарыздық міндеттемелерінен босату негіздері туралы нормалармен толықтырылады. Сонымен қатар заң жобасы, жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процессі аяқталуымен тоқтатылатын міндеттемелер үшін негіздемелер тізілімін толықтырады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, қаржылық әкімшіге және мүлікті тарату басқарушыға белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастыратын баптармен толықтырылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, азаматтың, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінен жалтару мақсатында әдейі және жалған өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы жүгінгені үшін, сондай-ақ, төлемге қабілеттілікті қалпына келтіру процессін ашу барысында жалған (сенімді емес) ақпарат бергені үшін қосымша жаңа қылмыстар құрамын қарастыратын баптармен толықтырылады.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
- ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлкінің режимін реттеу;
- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процессіндегі тұлғаларға қорғаншы және қамқоршы болуға тыйым салу бойынша өзгертулер енгізіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», Қазақстан Республикасының Заңына; «Микроқаржы ұйымдары туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қаржылық әкімшіге азаматтың мүлкі (активтері) және міндеттемелері туралы ақпаратты алу құқығын беретін толықтырулар енгізілген.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)