Жарияланған күні: 23.04.2018 18:09
Өзгертілген күні: 23.04.2018 18:11

         ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2018 жылдың 18 - 20 сәуір аралығында ҚР ҚМ МКК ОӘО базасында «Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік бақылаудың нысаны мен тәртібі» тақырыбына бейнеконференц байланыс арқылы қашықтықтан семинар өтті.

Семинарға аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде семинарға ҚР ҚМ МКК ОӘО бастапқы даярлау бөлімінің бас маманы Абдухалимов Болат Иманғалиұлы қатысты.

Іс-шараның мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік бақылау саласында аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

Қатысушылар кедендік бақылау өткізудің ережелері және қағидаттарымен; кедендік бақылау нысандарының қысқаша сипаттамасымен; кедендік бақылаудың объектілерімен, аймақтарымен; тауарларды кедендік шекарасынан өткізу кезінде, тарифтік емес реттеу шаралары бойынша кедендік бақылауды жүзеге асыру тәртібімен және кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдаланумен таныстырылды.

Іс-шара белсенді түрде, өзара түсінушілік жағдайда кедендік бақылауды өткізу саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылау арқылы өтті, оған себепші тыңдаушылар мен дәріскердің жоғары кәсіби деңгейі болды.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар беріледі.

Семинардың материалдары ftp://192.168.4.30 «ОӘО Семинарлары» папкасына орналыстырылды.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)