Жарияланған күні: 30.08.2024 19:07
Өзгертілген күні: 30.08.2024 19:11
Құрметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін пайдаланушылары!
 
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылға арналған 270.00 «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларация» салық есептік нысанының e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында жаңартылуы аяқталғанын хабарлайды.
 
iOS, Android немесе Huawei платформаларында жұмыс істейтін смартфондарға e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын орнату немесе жаңарту үшін App Store, Google Play немесе AppGallery-ге ауысып, e-Salyq Azamat қосымшасын тауып, орнату немесе жаңарту опциясын таңдауыңыз қажет.
 
«Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларация нысанын және оны толтыру ережелерін бекіту туралы»  2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы»  270.00 салық есептік нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 169 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.