Жарияланған күні: 04.06.2024 09:29
Өзгертілген күні: 04.06.2024 09:33

      Құрметті отандастар!

     1992 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бекітілді.

     2007 жылы 4 маусымда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Заң қабылданды.

     Жыл сайын 4 маусымда елімізде мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мемлекеттік рәміздер - бұл кез-келген мемлекеттің ұлттық егемендігін бейнелейтін ерекше белгілері.

     Мемлекеттік ту - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.

     Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.

    Мемлекеттік Әнұран - музыкалық-поэтикалық шығарма.

    Мемлекеттік рәміздер бір-біріне толықтыра отырып, біртұтас тұтастықты білдіреді және қазақстандықтардың патриотизмі мен бірлігін нығайтады.