Жарияланған күні: 03.05.2018 18:38
Өзгертілген күні: 03.05.2018 18:39

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Ағымдағы жылдың 3 мамырында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы А.А.Құлшықованың қатысуымен                    «2018 жылғы заңнамадағы өзгерістер: салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу» тақырыбында брифинг өтті.

А.А.Құлшықова өз баяндамасында 2017 жылы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында салық берешегін өндіру бойынша іс-әрекеттің қысқаша қорытындысын келтірді.

Осылайша, берешекті мәжбүрлеп өндіп алу шараларының нәтижесінде 2017 жылы бюджетке 360,1 млрд.теңге түсті, ал ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында – 94,0 млрд.теңге.

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бересінің жалпы қөлемінің ең жоғарғы меншікті салмағын корпоративтік табыс салығы – 41% және қосылған құн салығы – 35,6% алады.

2018 жылдың 1 сәуіріне борышкерлердің санаттары кескінінде бересінің ең жоғарғы сомасы заңды тұлғаларға, яғни бересінің жалпы сомасының 88 % тиесілі, ал саны жағынан борышкерлердің ең үлкен бөлігі (жалпы борышкерлер санының 94%) – жеке тұлғалар.

Баяндамашы салық берешегін өндіру бойынша жаңа енгізілімдерге қатысты                 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген жаңа Салық кодексінде белгіленген мерзімде орындалмаған салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының қолданылу тәртібі айтарлықтай өзгерістерге ұшырамағанын хабарлады.

Осылайша, салықтық берешегін өтемеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады, сонымен қатар салық төлеушінің мүлікке билік ету құқығын шектейді. Орындалмаған салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің көрсетілген тәсілдері салық төлеушіге өз еркімен салық берешегін өтеуіне мүмкіндік береді.

Бұдан әрі салықтық берешек өтелмеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органы салықтық берешекті мәжбүрлі тәртіпте жүйелі түрде салық төлеушінің банктік шоттарынан, оның дебиторларының шоттарынан, сондай-ақ билік ету құқығы шектелген мүлікті өткізу есебінен өндіріп алады.

Жоғарыда айтылған тәсілдер мен өндіріп алу шаралары заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, жеке тәжірибемен айналысатын жеке тұлғаларға қолданылады.

Сонымен қатар, жаңа Салық кодексінде жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу түбегейлі өзгерістерге ұшырады. 

Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ұсынысы бойынша салық органдарының талаптарының даусыздығын ескере келе, салық органының жеке тұлғаның мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгінуі алынып тасталған. Бұл ретте салық төлеушіге тиісті хабарлама жолданады, ал салық берешегін өтемеген жағдайда сот орындаушыға мәжбүрлеп орындау үшін табыс етілетін салық бұйрығы шығарылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық салықтық әкімшілендіру сияқты мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қолдану тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы жүргізіледі, яғни салық төлеуші төменгі қауіп деңгейіне жатса өндіріп алу тәсілдері мен шаралары оған қолданылмайды, ал егер салық төлеуші тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес жоғарғы қауіп деңгейіне жатса өндіріп алу тәсілдері мен шаралары кiдiрiссiз қолданылады.

Бұдан басқа, брифинг кезінде салық төлеушінің немесе үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен немесе банк кепілдігімен жүргізілетін салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту (кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту) тәртібіне енгізілген жаңалықтар туралы хабарланды.

Жаңа Салық кодексімен салықтарды төлеу мерзімін өзгертуге болатын кезең 3 жылға дейін ұлғайтылды (бұрын максималды мерзім он екі ай құраған). Атап айтқанда, тең үлестермен кезең-кезеңмен төлей отырып мерзімін ұзарту үш жылға дейін, ал салықтардың сомасын бір мезгілде төлей отырып, кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Бұдан басқа, жаңа Салық кодексіне сәйкес салық төлеушіге жер учаскелерін пайдаланғаны, жер беті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақылар бойынша, салықтық міндеттеме мерзімін ұзарту немесе кейінге қалдыруға болады.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішпен көзделген жеті негіздеменің біреуі болған жағдайда (мысалы, егер салық төлеушіге табиғи зілзаладан нұқсан келтірілген жағдайда, немесе салық төлеушіге тексеру актісі негізінде, оның нәтижесімен келіскен жағдайда есепке жатқызылған салықтар бойынша, не сотпен борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім қабылданған кезде) жүгінуге болады.

Бұл ретте салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеуді кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру тәртібі «бір терезе» қағидасын енгізу арқылы жеңілдетілді: егер бұған дейін салық төлеушіге өтінішті мемлекеттік кірістер департаменттеріне ұсыну керек болса, ағымдағы жылдың басынан бастап, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеуді кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органымен немесе салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органымен ұсынылатын болады.

 

ҚР Қаржы министрілігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)