Жарияланған күні: 15.05.2024 12:35
Өзгертілген күні: 15.05.2024 12:37

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Акциз» АЖ-ның ҚР ҰКО ЭЦҚ кілтінің жаңа форматымен жұмысы 14.05.2024 жылғы бастап сағат 16:00-де қалпына келтірілгенін назарыңызға жеткізеді.

ҚР ҰКО ЭЦҚ жаңа форматының кілтімен қол қойылған декларацияларды тапсыру кезінде, «Акциз» АЖ дұрыс жұмыс істеуі үшін (Р 34.10-2015 ҚР СТ МЕМСТ алгоритмінде пайдаланушылар жаңа көлік клиентін 1.0.3.4 нұсқасына дейін жаңартуы қажет (https://kgd.gov.kz/ru/section/akcizy-0).

Сондай-ақ, https://pki.gov.kz/cert/ сайтынан «Сенімді негізгі сертификаттау орталықтарына» сертификаттарды компьютерге жергілікті түрде орнату керек.

НКО (GOST) 27.07.2015 - 27.07.2025: root_gost

НКО (GOST 2022) 15.06.2022 - 08.09.2045: root_gost_2022

ҰКО (GOST 2004) 08.08.2018 - 25.06.2025: nca_gost

ҰКО (GOST 2022) 15.06.2022-07.09.2045: nca_gost_2022

Содан кейін салық есептілігін тапсыру қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда «Акциз» АЖ қолдау қызметіне akcizsp@kgd.minfin.gov.kz мекенжайы бойынша хабарласуды сұраймыз.