
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
59500 қорап контрабандалық темекі өнімдері ұсталды және алынды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың шілде айында акцизделетін тауарлардың контрабандалық партиясы ұсталғандығын хабарлайды. Мәселен, бір қатар жедел-іздестіру іс-шаралардың нәтижесінде 11 500 мың теңгеден асатын сомаға Қырғыз Республикасының акциздік таңбаларымен 59500 қорап темекі ұсталды және алынды.
Темекі өнімдері Қырғыз Республикасынан Қытай Халық Республикасына «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының еркін сауда аймағы арқылы тасымалданатындығы жеке назарды талап етеді. Осы мақсатта Жаркент қаласында ірі қойма ұйымдастырылды. Кедендік шекараны кедергісіз өту мақсатында күдіктенушілер жеке тұлғаларды – Алматы облысының тұрғындарын тартқан.
Контрабандалық акцизделетін тауарларды тасымалдаудың басқа кен таралған бағыты Ресей Федерациясы болып табылады. Осы тасымалдау бағытында Жамбыл облысында Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды.
Бұдан бұрын, 2016 жылғы 23 ақпанда экономикалық тергеу қызметінің (ЭТҚ) қызметкерлері Алматы станциясында «Бішкек-Новокузнецк» бағытындағы жолаушылар поезында Қырғыз Республикасының акциздік алым таңбалары бар темекіні ұстады және алды. 4 500 000 теңге сомасындағы 20 020 қорап мөлшеріндегі контрабандалық темекіні Қырғыз Республикасының азаматшасы тасымалдаған.
2016 жылғы 25 шілдедегі сот үкімімен азаматша Ж. Маметова қылмыс жасаған айыпты деп танылған және өз жазасын көтерді, ал темекілер сот үкімімен жоюға жатады.
Қосымша ақпарат үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz
электронды мекен-жайына хабарласуды сұраймыз.