Жарияланған күні: 12.09.2018 14:49
Өзгертілген күні: 12.09.2018 14:51

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

        Алматы қаласының Жетысу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет көрсету аумағын жекелеп бөлу арқылы қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаның нәтижесі туралы

 

        Алматы қаласының Жетысу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында халықка мемлекеттік қызмет көрсету денгейінің қанағаттандыру сапасын бұдан әрі жоғарылату мақсатында, сонымен қатар жеке келушілер санаттарына қызмет көрсету барысында қажетті уақыттың жұмсалуын зерттеу нәтижесінде, қызмет көрсету аумағын жекелеп бөлу арқылы қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба енгізілген.

2018 жылдың 28 маусымынан  бастап 7 қыркүйегіне дейін Алматы қаласының Жетысу ауданы бойынша МКБ қызмет жасау аумақтары көзделгенен бастап, 21 265 келушілер санынан 1 855 немесе 9 пайыз келушілерге қызмет көрсетілген:

  • «Кәсіпқой» - 199 адамға;
  • «Құрмет» - 253 адамға;
  • «Әлеуметтік» - 96 адамға;
  • «Бастау» - 9 адамға;
  • «Балапан» - 6 адамға;
  • «Өрлеу» - 1 292 адамға.

      

«Кәсіпқой» қызмет жасау  пакеті бойынша – кәсіби есепшілерге теңдестік жағдайында құпиялылықты есепке ала отырып тәжірибелі мамандар қызмет көрсетуде.

Артықшылықтары:

  • Сапасының үйлесуі және жылдам қызмет көрсету;
  • Пайда болған мәселенің сипатына байланысты әр түрлі бөлімдердің мамандарының бір жерде кеңес беру мүмкіншіліктері бар;
  • Жеке бөлінген қызмет жасау аумағының болуы.
  •  

       «Құрмет» қызмет жасау пакеті бойынша - қарт жастағы адамдарға қолайлы дивандарда шай, кофе, газеттерді ұсына отырып, сол жасқа жақындап қалған қызметшілер заңдарды қол жетімді түсіндіріп қызмет көрсетілуде.

Артықшылықтары:

  • Барынша сервиспен қызмет көрсету (қолайлы дивандар, шай, кофе, газеттерді ұсыну);
  • Қарт жастағы адамдар тарапынан ашулануына жол бермеу, сонымен қатар туындаған проблемаларын  шыдамдылықпен тындап және заңдарды қол жетімді түсіндіру арқылы жеткізу.

       «Әлеуметтік» қызмет жасау пакеті бойынша - кәсіпкерлік қызметпен белсендi айналысатын мүмкiндiгі шектеулі адамдарға қызмет көрсетілуде.

       Артықшылықтары:

  • Бірінші қабатта ынғайлы орналасқаны, кнопка белгісін шақырғаннан кейін алып жүру.

       «Бастау» қызмет жасау пакеті бойыншабұл пакеттін артықшылығы бiрнеше қызметті бірден бір жерде қол жеткізіледі.

       «Балапан» қызмет жасау пакеті бойыншабалалары бар салық төлеушілерге жеделдетіп қызмет көрсетілуде.

        Артықшылықтары:

  • Балалар бұрышы ата-аналарға қызмет көрсету жерінің қасында болғандықтан, қызмет көрсетіліп жатқан уақытында өз балдарын тікілей қадағалауға мүмкіндіктері болады.

       «Өрлеу» қызмет жасау  пакеті бойынша жанадан бастап жатқан кәсіпкерлерге салық заңдардын нормаларын қол жетімді түсіндіру арқылы қызмет көрсетіледі.

        Артықшылықтары:

  • Салық Кодексіне сәйкес салық төлеушілерге құқықтары мен  міндеттері бойынша түсініктемелер алуы мүмкіншігі бар                                   (есептілікті тапсыру мен салықты төлеу мерзімдері туралы жаднамасы алуы), сонымен қатар ДАМУ, Әкімшілік, «Атамекен» Кәсіпкерлік Ұлттық Палатасы шемберінде кәсіпкерге қолдау жасау бағыты.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)