Жарияланған күні: 08.06.2016 17:29
Өзгертілген күні: 08.06.2016 17:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2016 жылғы 2-3 маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер қызметі мен Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқарамасы сарапшыларының екі елдің өзара сауда деректерін салыстыру мәселелері бойынша он екінші отырысы өтті.

Жұмыс кездесуіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқарамасының сарапшылары қатысты.

Кездесудің нәтижесі бойынша өзара сауда статистикалық көрсеткіштерін егжей-тегжейлі салыстыру саласында қытай тарапынан тығыз іс-қимылға бағытталған бірнеше уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Соның ішінде, қазақстан тарапына жолданатын егжей-тегжейлі мәліметтердің тізімін кеңейтуге қытай тарапы өз келісімін берді, бұл тауарларды дұрыс емес декларациялайтын немесе әдейілеп тауардың кедендік құнын төмендететін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды нақты және тиімді анықтауға мүмкіндік береді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі