
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
АҢДАТПА
Құрметті журналистер!
XII Астана экономикалық форумы аясында Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 15-17 мамыры аралығында Дүниежүзілік кеден ұйымының Еркін экономикалық аймақтар бойынша аймақтық форумы өткізіледі. Аймақтық форум аясында 2019 жылдың 15 мамырында сағат 09-30-да «Еркін экономикалық аймақтарда кедендік әкімшілендіруді дамыту перспективалары» тақырыбында брифинг өткізіледі.
Спикерлер:
Баеділов Қанат Ескендірұлы – ҚР Қаржы Вице-министрі;
Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы;
Ана Б.Хинохоса – ДКҰ Сақтау және оңтайландыру департаментінің директоры;
Кристофер Эдвардс – USAID Орталық Азия бойынша аумақтық директор.
БАҚ-ты аккредиттеу: +7(7172) 70-99-48, +7(7172) 71-85-67 телефондары бойынша және ootar@mgd.kz, asartaeva@mgd.kz электрондық мекен-жайлары бойынша 14 мамыр сағат 16.00-ге дейін жүргізіледі.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев к., 7, «Rixos President Hotel» қонақ үйі, «Жерұйық» залы.
ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕЛУ ҚАЖЕТ.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)