Жарияланған күні: 01.03.2019 19:20
Өзгертілген күні: 14.03.2019 19:59

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі арқылы Қытайдан әкелінетін 60 пайызға жуық тауарларға арналған декларацияларды автоматты түрде шығарады

 

Мемлекеттік кірістер органы жұмысының басымдылығы -көлеңкелі экономикаға қарсы іс-әрекет, оның ішінде әсіресе Қытайдан импортталатын мәлімделген тауарлардың шынайылығын қамтамасыз ету болып табылады.

         «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде кедендік құнды бақылау аталған бұзушылыққа қарсы іс-әрекетке бағытталған шаралардың бірі болып табылады. Бұл процесс автоматтандырылған, адами фактор жоқ. 2018 жылы «АСТАНА-1» АЖ-да 840 мыңнан астам декларация ресімделген. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 129 мыңға жуық декларация ресімделген.

         Тауарларды декларациялау және жүйедегі ақаулар мәселелері бойынша дереу әрекет ету үшін, «Телеграм» месенджерінде чат құрылды, онда 4 мыңнан астам пайдаланушылар тіркелген және айтарлықтай табысты қолданылуда.

         Үстіміздегі жылдың 25-і мен 31-ші қаңтары кезеңінде «құнды бақылау» функционалын орнату кезінде серверде жиі ақаулар орын алды, олар шұғыл түрде жойылды.

         Бүгінгі күні «АСТАНА-1» АЖ Қытайдан әкелінетін 60 пайызға жуық тауарларға арналған декларацияларды автоматты түрде шығарады, яғни олар бойынша бақылаудың ешқандай шаралары қолданылмайды және олар 1 минуттың ішінде шығарылады.                      17 пайызға жуық декларациялар «сары» деп аталатын дәлізде ресімделеді, яғни олар бойынша ресімдеу сәтінде құндық бақылауды қоса алғанда, құжаттық бақылау жүзеге асырылады.

         Сондай-ақ, СЭҚ-ға қатысушыларды ақпараттандыру үшін әкелінетін тауарлардың құны туралы ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында орналастырылған. Аталған ақпарат ресімделген тауарларға арналған декларациялар бойынша қалыптастырылады. Бұл кедендік құнды бақылауды жүзеге асыру кезінде қолданылған ақпараттың айқындығын қамтамасыз ету мақсатындағы біздің бастамамыз болып табылады.

         ҚХР-дан әкелінетін тауарлардың кедендік құнын төмендетудің мысалы ретінде келесі мысалдарды келтіре кетуге болады: «ерлердің шолақ шалбарлары» 68 теңгеден, «Жолқапшықтар (рюкзаки)» 46 теңгеден, «әйелдер қалпақтары» 69 теңгеден.

         Әрине мұндай фактілер тәуекелдерді басқару жүйесінің іске қосылуына әкеп соғады. Мұндай мысалдар көп.

         Анықталған құнды төмендетулер бойынша қосымша 1 млрд. теңгедей өндірілді.

         «SAMSUNG», «LG» тауарлық маркалы компаниялары-ресми өкілдіктері және өзге де ірі компаниялар бойынша кедендік құнды бақылау жүзеге асырылмайтынын айта кету қажет. Аталған компаниялардың тауарлары «жасыл» дәліз бойынша өтеді.

         Қалған 23 пайыз декларациялар кедендік жете тексерудің жүргізілуімен қызыл дәліз арқылы өтеді, кедендік жете тексерудің нәтижелері бойынша жалпы салмағы 320 тоннадан астам тауарларды дәйексіз декларациялаудың 400 фактісі анықталды, 12 факті бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілерінің болуы тақырыбында есептеу жүргізілуде.

         Транзиттік тасымалдау кезінде тауарларды жеткізбеу мен ауыстырып қою тәуекелін барынша азайту мақсатында «Нұр жолы» бекетін қоса алғанда, тікелей шекарада тауарларды тазартуды көздейтін тәуекел бейіні енгізілді.

         Үшінші елдерден транзит арқылы тасымалданатын жабдықтар, қауіпті тауарлар, дәрілер сияқты тауарлардың жекелеген түрлеріне ерекшеліктер бар.

         Аталған кеден бекетінің брокерлік және сертификациялау ұйымдарын, қоймаларды және жүк түсіретін техникаларын қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымы бар.    

         Шынайы декларациялауды және тауарлардың кедендік құнын бақылауды қамтамасыз ету Мемлекеттік кірістер комитеті қызметінің басты басымдылықтарының бірі болып табылады, және бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді.

Кедендік құнды бақылауды жетілдіру жөніндегі барлық бастамалар бойынша ұсыныстарыңызды cena-umts@kgd.gov.kz электронды мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз.

 

ҚР ҚР МКК Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)