Жарияланған күні: 05.07.2016 11:25
Өзгертілген күні: 08.07.2016 09:57

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз-релизі

Астана қаласының Кедендік ресімдеу орталығында «АСТАНА-1»

кедендік-салықтық әкімшілендіру автоматтандырылған жүйесінің пилоттық сынағының іске қосылуы өтті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Кәрімұлы Әмрин кедендік рәсімдерді жаңғырту міндеті ведомство алдында «100 қадам Ұлт жоспарын» іске асыру шеңберінде қойылғанын атап өтті.

Осы жүйені енгізу, бірінші кезекте, СЭҚ қатысушылары үшін рәсімдерді оңайлатуға бағытталған. Жүйе мынадай: өзін-өзі тіркеу, қашықтықтан е-декларациялау, қағазсыз ілеспе құжаттар, электрондық төлемдер, кеден бекетінің және тауарды орналастыру орнын таңдау мүмкіндігі сияқты функцияларды қосатын ДСҰ нормаларына негізделген және халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. 20 СЭҚ қатысушысы жүйенің пилоттық сынағына қатысу дайындығын білдірді, бұл жүйенің артықшылықтары мен функционалын бірінші бағалауға мүмкіндік береді. АСТАНА-1 жүйесін пайдалану үшін ешқандай арнайы қосымша бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу түрінде қосымша жүктеме талап етілмейді, жүйе кез келген компьютерге кез келген жерден еркін қол жетімділікті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

АСТАНА-1 нақты уақытта барлық бақылаушы ведомстволардың тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған Бірыңғай терезе үшін негіз жасайды. Ал басым бағыттарының бірі ЕАЭО мүше мемлекеттердің деректерімен үздіксіз және тиімді алмасуды қамтамасыз ету болып табылады.

Пилоттық сынақ өткізу үшін Астанаға БҰҰ сарапшылары келді, олар жүйені 24/7 режимінде сүйемелдейді және пайдаланушылардың оқытуын жүргізеді.

Сынақты іске қосу уақытында, өз елінде тікелей ұқсас кедендік реформаны жүзеге асырған, Грузия Кірістер қызметінің Бас директорының орынбасары Вахтанг Лашкарадзе мырза Астанада болған.

Мемлекеттік кірістер комитеті үшін жүйе декларанттарды салық төлеушілердің деректер базалары бойынша тексеруге, тәуекелдерді басқаруға, нақты уақытта интеграцияланған кедендік транзит бақылауын жүзеге асыруға, түскен кірістердің мониторингін жүргізуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен, контрабандамен, контрафактімен және кедендегі басқа да құқық бұзушылықтармен күресуге мүмкіндік береді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі